ІС-ШАРАЛАР

2021-2026 ж             Іс-шаранын   атауы           Сілтеме фейзбук парақшасына өтуші
2026МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ! https://www.facebook.com/share/p/1K5QBY518s/
2026ӘРБІР ШӘКІРТТІҢ ЖЕТІСТІГІ-МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ! https://www.facebook.com/share/p/1Cz6a7u6Bh/
2026Челлендждің негізгі мақсаты – ұлттық мәдени мұрамызды дәріптеу https://www.facebook.com/share/p/18iKWKcC6Z/ 
https://www.facebook.com/share/v/161EaggfzCv/
2026«Отбасымен 1 күн» челлендж https://www.facebook.com/share/v/19BdNRNkAn/
2026Мектеп бітірушілеріне аттестат табысталды! https://www.facebook.com/share/p/1JvToqFhy1/
2026Давайте сэкономим воду каплей! https://www.facebook.com/share/v/1H6pcFKRtM/
2026Экономим воду вместе с Тамшы! https://www.facebook.com/share/v/1GydPbr8u4/
2026  «Батырлар арамызда»  https://www.facebook.com/share/p/1DE3T673Ph/
2026Ас мәзірі https://www.facebook.com/share/p/18xbSzt425/

«МЕКТЕБІМ-МЕЙІРІМ МЕКЕНІ!» 
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында «Мектебім-мейірім мекені!» тақырыбында Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.
Салтанатты жиынға Ордасы ауданының құрметті азаматы, Ардагер ұстаз Мырзалиев Әбдіғаппар , Сатыбалды Темір Халтайұлы және Төтенше жағдайлар департаментінің кіші сержанты Сапарбек Бақытжан Жайлаубайұлы, Қамқоршылық кеңес төрағасы Кәде Нұрмахан Сыдықұлы және мүшелері, Көкбұлақ мәдениет үйінің басшысы Карима Оралова, мектеп ұжымы мен ата-аналар қатысты.
Мектебіміздің басшысы Тугелов Адил Турдыбаевич жас жеткіншектерді, ата-аналарды, ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады. Жастар еліміздің болашағы, ертеңіміздің бағдары екендігін, ел ертеңі жастармен тікелей байланысты екендігін атап өтті. Салтанатты жиынға келген қонақтар сөз алып жас жеткіншектерімізге, мектеп ұжымына деген өздерінің жүрек жарды лебіздерін жеткізді.
Биылғы оқу жылы сəтті басталып, мектебіміздің ұстаздары мен шəкірттеріне жемісті де, жеңісті жыл болады деп кəміл сенеміз!
   https://www.facebook.com/share/p/17cjfR19NB/

«Жақсылықты жаса – жүректерге жылу сыйла!»   Құрметті ұстаздар, ардақты түлектер, жомарт жүректі демеушілер!   №118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі атынан баршаңызға шынайы алғысымызды білдіреміз! 🙏📚 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында қаншама балаға қамқорлық көрсетілді.Бұл игілікті іске ұстаздарымыз да, түлектеріміз де, жомарт жүректі азаматтарымыз да атсалысып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қуаныш сыйлады. 🌈Сіздердің қайырымды істеріңіздің арқасында балалар жаңа оқу жылын шат көңілмен, үлкен сеніммен бастауға мүмкіндік алды. 🌟1. Шын жүректен беру – қайырымдылықтың ең асылы.2. Көмектің үлкен-кішісі болмайды – әрқайсысы құнды.3. Атақ үшін емес, жүрек үшін жаса.4. Жастарға өнеге көрсет – қайырымдылық ізгіліктің бастауы.5. Жақсылықты дәстүрге айналдыр – ол сенің өмірлік ізің болсын.💫 Сізге мың алғыс, қадірлі демеуші!ИМАНӘЛІҰЛЫ     БАУЫРЖАН МЫРЗА!https://www.facebook.com/share/p/1A6mKGYTTT/

Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде» сәуір айының 19-шы жұлдызында «Нұрлы жастар» болашаққа жол бастар «Бала дауысы — 2022» атты өнерлі балалар сайысы өтілді. Сайысқа 1-4 сынып оқушылары аралығында 16 оқушы қатысты. Бас жүлдені 3ә сынып оқушысы Б.Райым,  І-орынды 3-сынып оқушысы Қалдыбек А., ІІ-орынды 4-сынып оқушысы М.Әбен, ІІІ-орынды 2-сынып оқушысы А.Слам иемденді. Мақсаты: оқушылардың өнерін тамашалап, көпшілікке таныту, сахына мәдениетіне  тәрбиелеу. Оқушылар арасынан әнші, өнерлі балаларды анықтау. Болашақта оқушыларды қалалық, облыстық, республикалық, өнер сахыналарына дайындауЮтуб каналға сілтеме. 19.04.2022 . «Бала дауысы — 2022


Өнер – ағып жатқан бұлақ,    Ғылым – жанып тұрған шырақ
    Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты  «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлттық жаңғыру кезеңіне көшіру жөніндегі жол картасын жүзеге асыру мақсатында 9″А» сыныбында  Д.Қонаевтың 110 жылдық мерейтойына арналған «Дара тұлға , дана тұлға» тақырыбында сабақ өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Аманкулова А. Бұл сабақта оқушылар шығармашылдығына, дамуына, мәліметпен бөлісе алуына жағдай жасалды. Саяси өмір  жолы Қазақстанмен  астасқан Дана тұлға,дара тұлға мәңгі есімізде!!!     
«№118 Көкбұлақ ЖОББМ» . «Дара тұлға , дана тұлға» ашық сабағы. 9″А» сынып. Жетекшісі: Аманкулова А.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күні

       Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде»  7сәуір —  «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылған күні»  аталып өтілді. Бүкіләлемдік денсаулық күніне орай мектебіміздің алаңшасында дене жаттығуларымен оқушыларымыз айналысып, медбике А.Арапбай күнделікті спортпен айналысу қажет екенін,зиянды заттардан аулақ болу қажеттігін түсіндірді.Спортпен шұғылдану адамды тәртіпті етеді,жауапкершілікті арттырады және өмірлік позицияның белсенді болуына ықпал етеді.






ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ»

      9-сынып. «ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ»атты сайыс сабағы. Информатика пән мұғалімі Дангелбаева Ақниет. Ұйымдастырушы:  аға тәлімгер Сұлтанова Ботагөз.
Ютуб каналға сілтеме. «ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ».















«Математика- ғылымдардың патшасы, Физика -табиғаттың патшасы «

Жай мұғалім хабарлайды, 

Жақсы мұғалім түсіндіреді, 

Керемет мұғалім көрсетеді,

Ұлы мұғалім  шабыттандырады.

                  //Уилям Уорд//        

       Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «№118 Көкбұлақ жоббм» 07.04-16.04 аралығында математика және физика апталығына орай «Математика- ғылымдардың патшасы,Физика -табиғаттың патшасы » атты апталығымен таныстырды.

Мақсаты: математика мен физика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру,олардың күнделік өмірде ,табиғатта орны ерекше «патша» пәндер екенін айқын түсіндіру болып табылады.

 5-6   сынып оқушылары математикалық тақпақтармен бастап,

Фигуралар тобымен де таныстырып өтті.Апталыққа 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты.Ютуб каналға сілтеме







«Жас Ұлан», «Өзін-өзі басқару» ұйымының комитет мүшелерімен жиналыс болып өтті.

      Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде» 05.04.2022 ж күні «Жас Ұлан», «Өзін-өзі басқару» ұйымының комитет мүшелерімен жиналыс болып өтті.

#Тәуелсіздікке_30жыл

#тәрбиешымкентәдістемелікорталық

#тәрбиешымкентбілімбасқармасы

#оқуғақұштармектепШымкент    

 #118КөкбұлақЮтуб каналға сілтеме​​​






» Мақал- мәтел» сайысы

     Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде» 06.04.2022ж күні мектеп кітапханасында 5″а,ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері П.Тастанбек С.Таңғышбаева, аға тәлімгер       Б.Сұлтановамен  бірлесе отырып » Мақал- мәтел» сайысы ұйымдастырылды.Мақсаты: «Сөз мәйегі-мақал» дегендей ата бабамыздан қалған өсиет сөздер арқылы адамгершілікке, тапқыр сөйлеуге,ойын нақты дұрыс жеткізуге,салмақты ой айтуға үйрету, ана тілінде сөйлеу шеберлігін

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…»

       Шымкент қаласы Дарын орталығының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың ақпан айының 17 жұлдызында республикалық ІІ «Абай әлемі» шығармашылық байқауының қалалық кезеңі болып өтті. Байқау үш бағыт бойынша өткізілді. Осы сайыстың   «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» бағыты бойынша ақындар мүшәйрасына «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебіміздің» 9 «Ә» сынып оқушысы Меккенбек Әли   қатысып, жүлделі ІІІ орын иегері атанды. 

2 СӘУІР — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАП ОҚУ КҮНІ

2 СӘУІР — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР КІТАП ОҚУ КҮНІ Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде»  2 сәуір- халықаралық балалар кітап оқу күніне орай оқушылар өздерінің оқыған кітаптарын үлгі ретінде оқушылардың оқу керек екенін айтып өтті. Кітап- адам өмірінің шам шырағым. Ол тарих шежіресі,оқу тәрбие құралы болып табылады. Кітап оқу- адамның зердесін ашады, санасын, көкірегін оятады.2 сәуір» Халықаралық балалар кітаптарының күні» бүгінгі оқырмандардың

Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын!

     «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектеп» ұжымы барша Қазақстандықтарды Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтайды! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Ютуб каналға сілтеме

«Армысың, Әз-Наурыз!»

  Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде» 18.03.2022 ж «Армысың, Әз-Наурыз!» тақырыбында іс- шара өтілді.    Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрін, ортақ құндылықтарын барынша дәріптеу.     Мектепішілік өткен іс- шарада ұлттық салт- дәстүрімізден, әдет- ғұрпымыз және ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қыз ұзату, келін түсіру, бесікке салу, тұсау кесер, арқан тартыс,ойын түрлері көрсетілді. Наурыз мерекелік іс-шарамызға

Алғыс айту күні

Баршаңызға мың алғыс!!! ​Ютуб каналға сілтеме.Баршаңызға мың алғыс!​​​ ​Ютуб каналға сілтеме. «Алғыс айту күні».​​​Баршаңызға мың алғыс!!!

​Ютуб каналға сілтеме.Баршаңызға мың алғыс!​​​

​Ютуб каналға сілтеме. «Алғыс айту күні».​​​

Дені саудың — жаны сау

     Бүгін 2019жылдың сегізінші сәуірінде,  «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде»,  «Дені саудың – жаны сау» атты іс – шара өтті. Іс – шараны кітапханашы Стаева Лаура өткізді.  Бұл  шара, Стаеваның өткізіп жүрген іс- шараларынан ерекше болган себебі,  жарыс ретінде өткендігі, нағыз қазіргі жастарға керекті мағлұматтардың болғандығы, және іс- шара барысында мектеп медбикесі Арапбай Анипа денсаулыққа зиянды  әрекеттер туралы доклад  оқыды. 9 – 10- сынып оқушылары қатысқан бұл шара,екі топқа бөлініп, өте қызықты, тартысты өтті. Бұл  шараның мақсаты: оқушылырға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты, зиянды әрекеттерге қарсы күресетін, білімді тұлға тәрбиелеу. 

  1.  Топтар атымен,ұранымен,эмблемаларымен таныстырды.
  2.  Жазған рефераттарын оқып, қорғады.
  3.  Денсаулыққа қатысты логикалық сұрақтарға жауап берді.
  4.  «Зиянды әдеттерден аулақпыз»  дей отырып, 1- топ «Темекі тартудың зияны», 2-топ «Ішімдіктің ағзаға зияны» тақырыбына байланысты сурет салып әкеліп,қорғады.
  5.  Денсаулыққа байланысты өлеңдер оқылды.  Осы жерде айтып кетер жайт өлеңдер өте әсерлі, мәнермен оқылды.  Және де 10-сынып оқушысы  Алихан Әсел сол жерде 2 шумақ  өлең шығарып айтып кетті.
  6.  «Сен маған-мен саған» денсаулық тақырыбында мақал-мәтел айтып жарысты.
  7.  Ішімдіктің және темекінің ағзаға зияны туралы видеороликтер көрсетілді.
  8.  Ойын ретінде оқушылар шарды жарылғанша үрледі. Соның өзінің денсаулыққа пайдалы екенін, дене тәрбиесімен ардайым айналысу керектігі айтылды.
  9.  «Жүректен – жүрекке»,   оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп,жақсы тілектерін айтты.

          Іс- шара мақсатына жетіп, қорытындыланып, жеңімпаз топ мектепішілік мадақтамамен марапатталды. 
    Оқушылар өте жақсы атсалысып, топпен жұмыс жасай  білді,  өздері де, өзгені де темекі мен ішімдіктің денсаулыққа зиянды екенін сендірді. 

Наурыз мейрамы

«№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде»  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі тойланды.
20 – наурыз  мектебімізде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай  іс – шара өтті.  Мектеп басшысынан бастап дайындық топтарына дейін түгелдей атсалысты.  Оқушыларымыз Наурыз тойының тойлануын көрініспен көрсетті. Құда түсу, Тұсау кесу, Көрісу және тағы басқа да  ата – бабамыздың салт – дәстүрлерін,   келген көрермендерге әсерлеп, қызықты етіп жеткізді.   Қазақтың ұлттық билерін билеп, әндерін шырқады. Сыныптар бойынша ұлттық тағамдар мен наурыз көже жасалып, дастархандар жайылды.   Ұлттық ойындар бойынша 3 – 5 ,6 – 8 , 9 – 11 сыныптар арасында сайыс болды.   Іс – шарамыздың  соңында белсенді болған оқушыларды, сыныптарды, сынып жетекшілері марапатталды.  Наурыз мерекемізді өте қызықты өткіздік!